ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Қызылорда қаласына қарасты №1 Қызылжарма сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Ғ.Жақсылыов Қосшыңырау, Қызылжарма және Қарауылтөбе ауылдық округ тұрғындарымен қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға сала бойынша мекеме мамандары қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары ауылдық жерлердегі электр кернеулерінің төмендігі мен қосалқы стансасын жаңадан ауыстыру, ауыл ішілік көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, аяқ су, ауыз сумен қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің өздеріне белгіленген бағыттарын толық қамтымайтындығын айтып, ауылды дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді.
Жеке қабылдау барысында Қосшыңырау және Қарауылтөбе ауылдық округтерін табиғи қамтамасыз ету және Қарауылтөбе мен Қызылжарма ауылдық округтерінің арасындағы Сара Байсейітова көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі көтерілді.
Ауыл тұрғындары қабылдау барысында елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың да проблемаларын көтерді. Мысалы, Досан ауылында 2008 жылы салынған медициналық пункттің авариялық жағдайда тұрғаны және осы мәселеге қаржы бөлінуіне ықпал етуді сұралды.
Қабылдауға келген 30-дан аса тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған депутат Ғ.Жақсылықов айтылған ұсыныстар назарға алынып, мәселелердің заң аясында оң шешімінің табылуына жұмыстар жасалып, тиесілі мекемелерге жеткізілетіндігін айтты.