Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАСТЫҚ ШАҚ ҚАЙТА КЕЛМЕС...

ЖАСТЫҚ ШАҚ ҚАЙТА КЕЛМЕС...

  Жастық шақ – бұл тәтті оймен таңды атырған жалындаған кез, нағыз мақсатыңды айқындап, армандарға қол созатын қайрат-жігер тасыған шақ. «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген халық даналығы бар.
Адам өмірінің елеулі бұл кезеңін бүгінгі буын өкілдері қалай өткізіп жүр? Бос уақытын тиімді өткізетін адам мақсат-мұратына өзін жетілдіру арқылы жетеді. Жастардың басым бөлігі – студент. Өмірдің ең қызықты әрі тәтті шағы – қызығы мен шыжығы мол студенттік кезде аштықтың да, махаббаттың да, ұйқысыздықтың да дәмін татасың. Өмірдің осы бір өткелінде уақытын  тиімді пайдалану өте маңызды. Әрбір университет жанынан түрлі үйірмелер құрылады. Бұл ұйымдар оларға тәжірибе жинақтауға, жаңа таныстыққа, өзін көпшілік ортада көрсете білуге үйретеді. Кейбірі сабақтан соң күнкөріс қамымен жүреді. Уақыттың қадірін білмей жастарда бар. Достарымен түнгі клубта қыдырып, кино көріп, компьютер немесе теледидар алдында өте қымбат сәттерін өткізеді. Жас болған соң әр нәрсеге қызығушылықпен қараймыз. Жастар кейде балға қонған арадай үймелеп компьютерлік ойынның қызығына да батып жатады.
Абай ақын «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» демекші, еріккен жанның ойына түрлі жамандықтар келіп, жат қылықтарға, қылмысқа бейім келеді. Әлемдік статистикаға көз жүгіртер болсақ, жастардың қатысуымен жасалатын қылмыс салдарынан Еуропада жыл сайын 15 мың адам өмірімен қоштасып, 300 мыңдайы түрлі тән жарақатын алады екен.
Адам үшін алтыннан да қымбат уақытты жастар қалай өткізуде? Бұл орайда студент Фариза: «Бос уақытымда таза ауада серуендеп, әуен тыңдаймын. Бұл жаман энергиядан арылып, жан дүниемнің тазаруына үлкен көмегін тигізеді. Мен сабақтан соң спортпен шұғылданамын, кітап оқимын. Өзіме тоғызқұмалақ, дойбы, волейбол ойындары көбірек ұнайды. Әрине, көңілім қалаған нәрсемен айналысуға да шектеу қоймаймын. Кешқұрым достарыммен киноға, театрға, дәмханаға барып, әсем жерлерде суретке түсемін. Кейде тәттілер пісіріп, жақындарыма да көңіл бөлемін. Меніңше адам жоспар құрып, уақытын тиімді пайдалана білсе барлығына үлгеруге болады» деген ойымен бөлісті.
Жастық шақ – жарқ етіп жоқ болатын өмірзая секілді. Өмір өткелінің осы бір тамаша шағында көңілің қалаған іспен айналысқанға не жетсін. Спорт, өнер, тіл үйрену секілді пайдалы істерді де ұмытпаған жөн. Уақыт – әрқашан адам баласы үшін қымбат қазына. Біз әрқашан оған тәуелді екенімізді естен шығармағанымыз жөн.   
                                                                                                                           Ақерке СЕЙІТОВА,
                                                                                                                                 ҚМУ студенті.
12 ақпан 2018 ж. 5 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам