ҚАЗАЛЫДА АУДАН ӘКІМІ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
"Қарты бардың үйдің – қазынасы бар", – деп халқымыз ежелден қазыналы қартын қадірлеп, қасиет тұтқан. Осы үрдісті ұстанған қазалылықтар ардагерлерді құрметтеудің үлгілерін көрсетіп келеді.
Аудандық мәдениет орталығында өткен шарада аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ардагерлер қауымының халқымыздың береке-бірлігін сақтау жолындағы рөлдерін атап өтті.
Биыл еліміздің ардагерлер ұйымына – 30 жыл. Айтулы шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов ардагерлердің осы жыл аралығында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып келе жатқандығын айтты. Бұл күні ардагерлерге мерекелік медальдар табысталып, құрмет көрсетілді.