Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІР

ӨРКЕН ЖАЙҒАН ӨҢІР

 Осы аптаның сәрсенбісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев республикалық БАҚ өкілдері және блогерлерге брифинг өткізді. Жүздесу барысында аймақ басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы жан-жақты айтып берді.
Брифинг алғаш рет өзгеше форматта өтті. Оған облыс әкімінен өзге біздің өңірден «Бахыт» шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Аманбай Ерхатов, «Таң LTD» ЖСШ-ның директоры Имамзада Шағыртаев, сондай-ақ, шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионы Әсел Серікбай, шыны зауытының директоры, «Orda Glass» ЖШС-ның басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев және басқалар қатысты.
Жүздесу барысында облыс басшысы алдымен брифингке келген қызылордалық өндіріс, ауыл шаруашылығы құрылымы, кәсіпорын басшылары және өзге де азаматтармен таныстырды. Одан кейін соңғы жылдарда Сыр өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Облыстың серпінді дамуына үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қосып отырған үлесі зор. Бұл жаңа жобалардың іске асуына оң әсерін тигізді. Осы арқылы өңірде бүгінге дейін 20 жоба жүзеге асырылды. Қазір олардың 16-сы толық өндірістік қуатына енді.
– Осы мақсатта жобалардың сапасын арттыру мақсатында біз Индустрияландыру картасын инвентаризацияладық. Тиімсіз, бәсекелестікке қабілетті емес жобаларды және экспорттық әлеуеті төмен жобаларды тізімнен шығарып, қазір қалғандары бойынша нақты жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл орайда экспортталатын өнімдердің көлемі соңғы жыл ішінде 23 пайызға, ал, импорттаушы елдер саны 8-ден 11-ге артты (Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Дания, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Тайвань).
2018 жылы молибден қышқылын өндіретін кәсіпорын іске қосылып, оның негізгі өнімі Жапонияға экспортталады. Шыны зауытының құрылысы аяқталып келеді. Астана қаласының туған күніне алғашқы өнімнің партиясын шығаратын боламыз. Сонымен бірге облыс үшін маңызды басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Шиелі ауданында тампонажды цемент өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде. Оның өнімі құрылыста, оның ішінде мұнай-газ және уран салаларында пайдаланылады. Ол 2018 жылы пайдалануға беріледі, – деді облыс әкімі.
Қыркүйек айының аяғында Қызылорда облысында түріктің «Юлдызлар ССС холдинг» компаниялары тобымен бірге жыл аяғында 2 үлкен нысан құрылысын бастауға келісім жасалды. Онда – керамика және керамогранит плиталары жасалады. Зауыт жылына 128 млн. долларға жуықтайтын өнімі – 27 млн. шаршы метр өнім шығара алады. Келесісі – газпоршень электрстанциясы, оның қуаты – 138 МВт/сағат, өнімі 60 млн. доллар). Керамикалық плита өндіретін зауыт осындай өнім шығаратын Қазақстандағы ірі өндіріс ошағы болып табылады. Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы осы тектес өндіріс қуаттары – 2 млн. шаршы метр. 2018 жылы іске қосылатын газпоршень электрстанциясы электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, аймақта өнеркәсіптің дамуына ықпал жасайды.
– Айтпақшы, біз аймақта газда электр энергиясын өндірудің экономикалық мақсаттылығын ескеріп, Астана-ЭКСПО-дағы көрмелік нысандардың өңірдің энергетикалық саласында қажеттілік үшін қолданылуын зерттедік, – деді облыс әкімі сөзін жалғап. – Нәтижесінде қазіргі таңда түрлі салаларға жаңа технологияларды ендіру мақсатында 20 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олардың 11-і тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты. Бұл – біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі. Сонымен бірге, облыс аумағында жаңғырмалы энергия (возобновляемая энергия) өндіру бойынша 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда: «Жаңақорған ауданындағы қуаттылығы 50 МВт-тық күн электрстанциясы» жобасы («Жанакорган Энерджи» ЖШС) және «Бәйтерек-25» қуаттылығы 24940 кВт жел электрстанциясының (ветропарк) құрылысы бойынша жоба («Global Energy Company» ЖШС).
Осыдан кейін облыс әкімі өндірісті аймақтың артықшылықтарына тоқталды. Қазіргі таңда «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнындағы сауықтыру жұмыстары аяқталды. Енді сол жерде газ-турбиналық электрстанциясымен бірге кен-байыту комбинатының құрылысын жүргізуге назар аударылып отыр. 2019 жылы комбинат жылына 2 млн. тонна, 2020 жылы 4 млн. тонна кенді қайта өңдейтін болады. Комбинаттың іске қосылуымен 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. Осы жерде гидрометаллургия зауыты құрылысының жобасын жасау жұмыстары басталды. Британ инвесторларымен бірлесіп, «Баласауысқандық» ванадий кенішінде қара тақтатас автоклавты қайта өңдеу жобасы жүзеге асырылуда. Алғаш рет 110 тонна метаванадат аммонийі қазірдің өзінде Тайваньға экспортталды.
Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауытының жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәжірибе-өнеркәсіптік жұмыстарды аяқтауға 3,2 млрд. теңге бөлінді. Күріш қауызынан кремний алуға көңіл бөлінеді. Үстіміздегі жылдың соңында Арал қаласында елімізде тұңғыш рет салынатын кальцийленген сода өндірісі зауытының құрылысы басталады.
– Облыстың Арал, Жаңақорған және Шиелі аудандарында іс жүзінде химия және тау-кен металлургия кластерінің дамуына берік негіз қалап отыр. Егер аймақтың өнеркәсіп өндірісінің 70 пайызына жуығы мұнай өндіру секторына тиесілі екенін ескерсек, бұл біз үшін өте маңызды болып табылады. Қазір аймақтағы жекелеген мұнай ұңғымаларының сулануы 98 пайызға жетті. Жыл сайын мұнай өндіру орта есеппен 12 пайызға азаюда. Бұл факторға, өкінішке орай, біз ықпал жасай алмаймыз. Осының салдарынан соңғы 5 жыл ішінде мұнай өндіру көлемі 4,2 млн. тоннаға кеміді.( 2013 жыл – 11 млн. тонна, 2017 жыл – 6,8 млн. тонна).
Біз мұнай саласы бойынша қазіргі таңда оңды жағдайды еңсере алмай отырмыз. Бұл өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша объективті салдары бар жағымсыз жалғыз көрсеткіш болып табылады.
Келесі кезекте аймақ басшысы өзге де салалардың іргелі істер, жаңашыл жобалар, басым бағыттар жайында айтып берді. Биыл облыс тарихында бірінші рет 500 мың тоннадан астам Сыр маржаны қамбаға құйылды. Қазір ауыл шаруашылығы өнімдерін сату нарығын кеңейту бойынша Қытай, Түркия және Иранға күріш жіберу бойынша келіссөздер жүргізілді. Ұзақ жылдан бері бақшалық дақылдар экспорты да қолға алынды. Үкімет қолдауымен облыстың буферлік аймақтан шығуы малды экспорттауға мүмкіндік берді. Мәселен, бүгінде малдың алғашқы партиясы Иранға жөнелтілді. Айта кету керек, соңғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты бізде 48 пайыздан астамға, күріш экспорты 53 пайызға артты. Ет экспортын одан әрі арттыру үшін облыста «Сыр маржаны» және «Шаған жер» ЖШС арқылы 2 ет комбинатының құрылысы қолға алынған. Ет бағытындағы құс шаруашылығы қайта жаңғыруда – Қармақшы ауданында құс фабри­касының құрылысы басталды. Ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамытуға мән берілуде.
– 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,4 есеге (200 млрд. теңгеге дейін), ал, оның экспортын 5 еседен астамға арттыруды (50 млрд. теңгеге дейін) жоспарлаудамыз, – деді өңір басшысы. Одан кейін балық шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар барысына кеңінен тоқталды.
САРАТС жобасының бірінші кезеңі бойынша соңғы 4 жылда балық аулау 65 пайыз, экспорттау 8 есе, өңдеу көлемі 2,5 есе, балық өнімдері 3 есеге өсті.
Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру туралы тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында аймақтың дамуын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер қорытындысын болжау бойынша бағдарламалық-математикалық үлгіні енгізу жұмыстары басталды..
– Еске салсақ, Machinе-Learning технологиясы – «Microsoft» компаниясының әлемде кең қолданылатын өнімі. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Сыр өңірі республикада алғашқы болып «Microsoft» компаниясымен ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасады. Шілдеде облыста онлайн-оқыту арқылы заманауи инженерлік-компьютерлік технологиямен жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандарды бірлесе дайындау басталды. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында «Microsoft академиясын» құру туралы келісімге қол жеткізілді, – деді облыс әкімі.
Инжиниринг орталығында сондай-ақ композициялық қорытпа өндірісі бойынша тәжірибелі пирометаллургиялық желіні іске қосу жоспарланған. Тағы бір жаңашылдық – облыста жобалық басқару тәсілінің сәтті қолданысқа енгізілуі. Бұл – Батыс Еуропа елдері мен Ресей Федерациясында тиімділігін дәлелдеп үлгерген жоба. Бұл ретте Қызылорда өңірі Ресейдегі өмір сүру деңгейі жоғары әрі табысты аймақтардың үштігіне енген Белгород облысының тәжірибесін негізге алды.
Сыр өңірінде шағын және орта бизнес нысандарында қамтылғандардың үлесін 22-ден 26 пайызға арттыруға қол жеткізілді. Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің арқасында тек соңғы жылда 6,4 пайызға өсті. Алдағы мақсат – орта-кіші бизнестің үлесін 45-50 пайызға жеткізу.
– Айтқандай, ресейлік жетекші техникалық жоғары оқу орындары 2014 жылдан бастап Ресей Үкіметінің гранты есебінен Қызылорда өңірінің түлектері арасынан IT-мамандар, металлургтар, технологтар, химиктер және басқа да мамандар, әсіресе, инженерлік мамандықтар бойынша мамандар (бізге қазір өте қажет) әзірлеу туралы ұсынысымызды қабылдады. Бүгінде Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында біздің 452 түлегіміз грант негізінде білім алуда. Келесі жылы алғашқы бітірушілерді күтудеміз. Оларды жұмысқа орналастыруда мәселе туындамайды.


















Оған қоса, тек Ресейдің ғана емес, әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының бір – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті облыс жастары үшін 2018 жылдан бастап Мәскеу мемлекеттік университеті есебінен физика-математикалық және механика-математикалық мамандықтарға 20 гранттан бөлінетіні туралы шешім қабылдады.
Биыл мектеп бітірген түлектеріміздің 97 пайызы жоғары және арнайы орта оқу орындарына түсті. Бұл көрсеткішпен біз мақтанамыз! Бюджетіміздің 40 пайыздан астамы осы салаға бағытталуда, – деді облыс басшысы.
2013 жылы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан, әсіресе, талапты ауылдық жерлердің балаларына аймаққа қажетті мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында оқу үшін әкім грантын тағайындадық. Бүгінде 694 бала грант иегері болып отыр. Сонымен қатар, өңіріміз жыл сайын «Серпiн» бағдарламасы бойынша грант алу конкурстарында ең үздік нәтижелер көрсетуде. Бұл бағдарлама аясында бүгінде 4 мың жас оқып жатыр. Келешекте олар тәуелсіз еліміздің нығаюына өз үлестерін қосады.
– Орта білім беру саласында ішкі резервтердің есебінен апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі биыл толығымен шешілді. 2013 жылдың басында олардың саны 37 болатын. Үш ауысымдық оқу процесін жою, 3 және 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтуға қатысты Елбасының барлық тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындадық. Бүгінде балабақшалардың 71 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс жасауда, – деді облыс әкімі.
Қаланың сол жағалау құрылысында мемлекеттік-жекешелік бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сонымен бірге, осы әріптестік бойынша жалпы сомасы 22 млрд. теңгеден астам 29 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда, бұл көрсеткіш 95 пайызды құрайды. Ал елді мекендерді газдандыру 63 пайызды құрап отыр.
Аймақ басшысы брифинг соңында мынадай мысалдарға ерекше тоқталды.
– Құрметті журналистер! Қазіргі таңда облыста 800 мыңға жуық адам тұрады. Туу деңгейінің жоғарылығын ескере отырып, сарапшылар таяу жылдары халық саны 1 миллионға дейін жетеді деп болжап отыр. Біздің еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жаңаша тарихымызда жеткен жетістіктерін Елбасы айтқандай, бір қана Қызылорда облысының дамуынан ғана аңғару қиын емес. Тәуелсіздігімізді жаңа ғана жариялаған елең-алаң кезеңде Елбасына Үкімет облысты тарату, Арал тұрғындарын басқа аймаққа көшіру туралы ұсыныстар берген. Бірақ Тұңғыш Президент елді жұмылдырып, қиындықтарды жеңуге шақырды. Сөйтіп, Солтүстік Арал жобасының бірінші кезеңі іске асты, күре жолдар (автомобиль, темір жол, газ және су құбырлары) салынды. Кәсіпкерлік дамып, аймақ құрылыс алаңына айналды. Ал, егіншілер соңғы 5 жыл бойы рекордтық өнімдер алуда, даламыз мыңғырған малға толды, күрделі әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Осылайша, Сыр өңірі халқының өмір сүру сапасы артуда.
Бүгінгі күні Сыр өңірі, Арал маңы – бұл қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрінің өзіндік тірек нүктесі, сарқылмас күш-қуаттың бастауы, достық пен сенімнің, халықтар достығының аясы. Біз болашаққа сеніммен қараймыз және еліміздің дамуына нақты істерімізбен зор үлесімізді қосқымыз келеді, – деді.
Брифинг барысында қойылған өзге де сауалдар бойынша облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Бақыт» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Аманбай Ерхатов, «Таң ЛТД» ЖШС төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Имамзада Шағыртаев, «Orda Glass» ЖШС басқарма төрағасы Ержан Сағымбаев және шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем және Азия чемпионы Әсел Серікбай жауап берді.
23 қазан 2017 ж. 1 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам