ӘСЕЛ СЕРІКБАЙ: ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАУДА БАР КҮШ-ЖІГЕРІМДІ САЛАМЫН
Шахмат ойыны адамнан терең ой мен ақыл-парасатты талап етеді. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында жас шахматшы Әсел Серікбай осылай айтты.– Қазір Сыр спорты серпінді түрде дамып келеді. Мен де алдағы жарыстарда көк туымызды биікте желбірету үшін бар күш-жігерімді саламын, – деді ол.
Айта кетейік, Әсел Серікбай – шахматтан облыс тарихында алғашқы ФИДЕ шебері. Жасөспірімдер және жастар арасында 8 дүркін Қазақстан чемпионы, жасөспірімдер арасында 3 дүркін Азия және оқушылар арасында 2 дүркін әлем чемпионы.













