ҚАРТ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» партия филиалының ұйымдастырумен бірқатар майдангерлерге құрмет көрсетілді.
ҰОС-дағы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында бүгінде санаулы қалған қарт майдангерлер – 18 жасында даңқты Жуков басқарған 1-ші Белоруссия майданына соғысқа кіріскен Колесник Любовь Сергеевна мен 19 жасында фашист танкісін граната лақтырып жарғаны үшін ең жоғары дәрежелі марапат «1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен мараппатталған Төлеген Жүнісовтің үйлеріне барды.
Қарт майдангерлерді аралауға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Жұмакүл Жаппасбаева, Қызылорда белгі беру және дистанциясы басшысының орынбасары Берік Рзалиев, Жол дистанциясы мекемесінің өкілі Сейтен Көшекбаев, Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева барды.
Қазіргі күні ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере мен шөбере сүйіп отырған ардақты қарт жауынгерлер зейнеткер ретінде тіркелген мекеме тараптарынан да әлеуметтік және дәрігерлік қызметкерлерінің көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізіп ақ баталарын берді.