ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ХАБАРЛАЙДЫ
Қызылорда қаласындағы құқық қорғау қызметі орталығында әр айдың соңғы бейсенбісі күні сағат 11:00-12:00 аралығында Қызылорда облысы прокуроры, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшыларымен және Қызылорда қаласының әкімімен орталыққа келген тұлғаларды жеке қабылдау жүргізіледі.
Осыған орай, 2017 жылдың 26 қазанында мазалап жүрген сұрақтарыңыз, шешімін таппай жүрген мәселелеріңіз бойынша жеке қабылдауға келіп, құқықтық көмек алуға болатындығы назарларыңызға ұсынылады.
Құқық қорғау орталығының мекен жайы: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі, 16 (Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимараты жанында), №5, 11, 18, 21, 22, 24 маршрутты автобустар қалалық әкімдік жанындағы аялдамаға тоқтайды.