ҚАЗАЛЫДА КЛУБ ҮЙІ АШЫЛДЫ
Жаңа клубтың ашылу салтанатына қатысқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.
150 орындық өнер ордасында көрермендер залы, үйірме бөлмелері, кітап сақтау бөлмесі, оқырмандар залы қарастырылған. Қазіргі таңда клубта 4 үйірме жұмыс жасайды.
Жаңа клубтың лентасы қиылғаннан кейін қонақтар ғимарат ішімен танысты. Көрермен залында Жалаңтөс батыр туралы деректі фильмді тамашалады. Алдағы уақытта мәдениет үйі жастарға елі үшін басын қатерге тіккен батырдың өмір жолын насихатттауға жұмыс жасамақ. Сондай-ақ аталмыш нысан қызметкерлері рухани құндылықты байыту жолында еңбек етпек.