ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының білім басқармасымен бірлесіп өңіріміздегі барлық білім беру ұйымдарына интернет желісі арқылы мектептерінің байланысқа қосылуымен «Жедел қызметтерге бейінді емес бағытта түсетін қоңыраулар санын азайту» және «Террористік актілерді болдырмау» тақырыбында интерактивті сабақ өткізілді.
Интерактивті сабақтың мақсаты – мектеп жасындағы оқушылардың және жасөспірімдердің 112, 101 жедел нөмірлері арқылы арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыруды болдырмау, алдын алу. Сабақ өту барысында Қызылорда облысының Білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының әдіскері А.Ахметова, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасының жедел кезекшілері азаматтық қорғау капитаны А. Ермағамбет, азаматтық қорғау аға лейтенанты Е. Ким түсіндірме жүргізді. Төтенше жағдайларды және шұғыл көмек хабарламаларын қабылдайтын «112», «101» нөмірлері халыққа қандай мақсатта қызмет жасайтындығы және жалған шақыруды болдырмау, күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындардың іс-әрекеті туралы бейне таспалар және слайдтар түрінде айтып берді.