ИМАМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
Жалпы өңірлердегі имамдардың қызметі қашанда жұртшылықтың, әсіресе жамағатың назарында екені белгілі. ҚМДБ-ға қарасты мешіт имамдары өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарап, қызметтерін абыроймен атқарып келеді.
Былтырғы 2016 жылдан бері Сыр имамдары тәжірибе алмасу жобасын іске қосып, ол оң нәтижесін беріп те келеді. Атап айтар болсақ, қала, аудан мешіттерінің имамдары арнайы кезекпен өзге мешіттерде болып, жамағатқа уағыз-насихаттар жүргізуде.
Әртүрлі мешіттерде, түрлі ойлы жамағаттарға насихат жүргізген имамдар тәжірибе алмасып, аудиторияны игеруге бейімделсе, сондай-ақ, барлық мешіт имамдарының мүддесі бір екендігін дәлелдеуде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан аталмыш жоба өз жалғасын таба береді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі.
мешітінің баспасөз қызметі.