Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АСТАНАДА 70 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ НЕКЕ АГЕНТТІГІНЕН ҒАШЫҒЫН ТАУЫП, БАС ҚОСҚАН

АСТАНАДА 70 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ НЕКЕ АГЕНТТІГІНЕН ҒАШЫҒЫН ТАУЫП, БАС ҚОСҚАН

Елордадағы танысу агенттігі өкілдерінің айтуынша, өмірлік жұбын іздеп келушілердің жас ерекшеліктері де әр түрлі екен. Олардың арасында 25-30 жас аралығындағы жастар мен зейнет жасынан асқан қарияларға дейін бар көрінеді.
"Жалпы клиенттеріміз жайлы қандай да толық ақпарат бере алмаймыз. Бірақ жыл сайын олардың саны артып келе жатқандығын мойындаймыз.
Жас ерекшеліктеріне келер болсақ, жап-жас 23-25-тердегі қыз-жігіттер де келіп жатады. Оларға көп жағдайда"әлі жассыздар, өз серіктеріңізді кездестіресіздер" деген кеңес береміз, алайда, кейбірі оған құлақ асса, кейбірі өз дегендерінен қайтқысы келмейді.
Тіпті, "Махаббаттан көңілім қалды, ешкімге сенбеймін, жақсы қыз, жігіт тауып беріңіздер" деген талап қояды. Әрине, біздің қызметіміз осы болса да, жастарға асықпауға кеңес берер едім" , - дейді неке агенттігі өкілдерінің бірі.
Сонымен бірге, маман клиенттердің арасында орта жастан асқан әйел адамдардың көп екендігін айтты.
"Жасы 30-40-тан асқан, отырып қалған қыздар көп келеді. Келгенде қалай, алдымен олар бізге келіп, өздерінің өмірлік серіктеріне қояр талаптарын айтып, өтінімдерін қалдырады. Сосын біз сол талаптарға сай ерлерді қарастырамыз.
Кейін үміткерді ұсынып, олардың ара-қатынастары қалай өрбіп келе жатқандығын бақылаймыз.
Өмір болған соң түрлі жағдайлар болады, бірі жақсы жұп болып кетеді, кейбірі керісінше айырылысып жатады. Бәрі клиенттердің таңдаулары мен өз шешімдеріне байланысты", - деді маман.
Бір қызығы, агенттік қызметіне жүгінетіндердің арасында қариялар да бар екен.
"Мысалы былтыр бізге 70-ке толған ақсақал келіп, өз теңін таппақ болдыБалалары үйлі-баранды болғандықтан, қария қартайғанда жалғыз қалған екен.
Содан не керек, әлгі ақсақалға жақсы жар тауып бердікӨзінен 5 жас кіші апамызды таныстырып, қол ұстатқызып жібердік.
Қазір екеуі бірге, бақытты. Сондай қызық жағдайлар да кездесіп тұрады. Ал тек мемлекеттік қызметкерлер келеді, олардың жеке өмірге уақыты жоқ деген шындыққа жанаспайды.
Сүйікті жар деген қай мамандық иесіне болса да қажет емес пе? Сондықтан мұндай әрекеттен ұялып, қысылудың қажеті жоқ. Керісінше, дер кезінде шешім қабылдап, өз теңдерін тапқан дұрыс", - деп сөзін қорытындылады агенттік өкілі.
22 қараша 2018 ж. 1 537 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам