ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы бойынша аймағымызда кешенді іс-шаралары қабылданып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аталған жоба бойынша кәсіптік даярлау 22 колледжде 28 мамандық бойынша жүзеге асырылуда.
Бағдарламаны жүзеге асыру мектеп бітіруші 6196 жастың 97 пайызының жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуына мүмкіндік берді.
Облысымызда бірінші рет білім алушылардың жұмысшы мамандығы бойынша бірнеше біліктіліктерді қатар алып шығуы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күнде, 11 колледжде 18 мамандық бойынша білім алушылар бірнеше яғни, 38 біліктілік бойынша жұмысшы мамандығында білім алуда.
Алдағы уақытта, жаңа жүйе бойынша оқуды бітірушілердің бір мамандықтың 3 біліктілігін алып шығуға және жұмысқа орналасу көрсеткішінің артуына мүмкіндік беретін болады.
Тағы бір жаңалық еңбек ресуртарының сұранысына сәйкес жұмысшы кадрларын қысқа мерзімді курстар арқылы даярлау.
Ағымдағы жылы 3518 адамды оқыту жоспарланып, 2743 жас оқуға жолдама алып, оның ішінде 1085 жас курстарды аяқтады.
Курстық оқыту 19 колледж және 14 кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарында 35 мамандық бойынша ұйымдастырылуда.