Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тіл мерейі – ел мерейі

Тіл мерейі – ел мерейі


Мемлекеттiк тiл – әрбір елдің бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тілді өркендету – баршаның ісі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың құралы және ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тілі мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деген болатын. Шын мәнінде, барлығын рет-ретімен жүзеге асыруға қазіргі кезеңде толық мүмкіндік бар. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Қоғамда мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымыздың жастарының белсендігі жоғары. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп бекер айтылмаса керек. Ендеше, асыл мұрамыздың біріне айналған мемлекттік тілімізді қастерлей білейік.
А.АБЫЗОВА,
Қызылорда қаласының
№2 сотының бас маманы.
03 маусым 2019 ж. 2 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам