ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері және осы мәселеге қатысты мекеме басшылары мен мамандары, қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы мен инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар алдымен қаланың орталық алаңында орналасқан стационарлы полиция бекетінің, қалалық ішкі істер басқармасына қарасты «Ақсай» полиция бөлімінің жұмысымен танысты.
Одан соң ҚІІБ-да өткен жиналысқа қатысып, күн тәртібіне шығарылған «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» мәселесі бойынша жауапты тұлғалардың хабарламасы тыңдалып, талқыланды.
Отырыс соңында тұрақты комиссияның оң қаулысы қабылданды.