ҚАЛАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда қаласы әкімінің төрағалағымен өткен жиында қала әкімдігі жанынан құрылған жергілікті полиция қызметімен бірлескен жұмысшы топтың жүргізген қала көлемінде орналасқан мекемелерде Мемлекеттік рәміздердің орналасуы, пайдалануы, жаңа ҚР 989-2014 стандарты Елтаңбаға ауысуы туралы зерделеу жұмысы талқыланды.
Зерделеу жұмысы нәтижесінде басқару нысанына қарамастан мекеме басшылары мен тұлғаларға жергілікті полиция қызметімен 3 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, қала әкімдігімен 1 тәртіптік шарасы көрілді.
Бұған дейін қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл басынан бері түсіндірме жұмысы ретінде 1 комиссия отырысы, 4 түсіндірмелік зерделеу жұмыстары жүргізіліп, барлық мекемелерге методикалық-ақпараттық материалдар таратылған болатын.