"Сен менің барымсың": 41 жасқа толған Жазираны күйеуі ерекше құттықтады (видео)

Жанболат құттықтау сәтінің видеосы Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, "Туған күніңмен, Жазира. Сен менің барымсың, бағымсың, жанымсың!" - деген жазба қалдырды.
Кейінірек Жазира алғыстарын жарыса жазып жатқандарға да рахметін жеткізуді ұмытқан жоқ.
"Ыстық ықыластарыңызға, тілектеріңізге, ниеттеріңізге үлкен рақмет. Маған не тілесеңіздер, сіздерге екі есе тілеймін", - деді әнші Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген.
Жұлдыз жұптың бір ұлы бар. Алайда соңғы кезде ерлі-зайыптылардың қызды болғаны жайлы қауесет ел аузында жүр. Дегенмен бұған қатысты жұбайлар ресми түрде жауап бермеді.