"Төреғалимен құда болған жоқпыз": Жазира Байырбекова ұлының әрекетін түсіндіріп берді
Жазира Байырбекова Төреғалидің қарындасына жазба арнаған ұлының әрекетін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ғана Төреғали Төреәлінің мектеп бітірген қарындасы жігітінің ұсынысына келісім берген еді. Мұны көрген кейбір адамдар Фариза қыздың болашақ жарын Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбекке ұқсатқан. Ал Қазбек қызық болсын деп, қалжыңдап Төреғалидің қарындасына жазба арнапты.
"Эх, Фариза Төреәлі, сенің "Я сказала, да!" дегенің, менің бүгін медляк өлең тыңдауыма себеп болады. Надеюсь бұл кезекті пранк, маған арналған. Дегенмен, бақытты бол! Махаббатарың баянды болсын!Әдемі медляктан жіберіңіздер, жеңілдеп қалайын", - дейді Жанболат пен Жазираның ұлы.
Бұл қалжыңды шынайы қабылдаған жұрт Жанболат пен Жазираны Төреғалимен құда болды деп ойлап қалған. Олар желіге әртүрлі пікір жазып, ойларын білдірген болатын.
Дегенмен, Жазира Байырбекова оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, ұлының әрекеті туралы айтып берген. Жүрген жерінде ұлы Қазбекті Төреғалидің болашақ күйеубаласы ма деп сұрайтындар әншінің шамына тиген сияқты.
"Төреғалимен құда болған жоқпыз. Осы сұрақ жүрген жерімізде артымыздан қалмай қойды. Төреғалидің болашақ күйеу баласы Дарханның келбетін Қазбекке ұқсатқандар шатастырып жаза бастаған. Оны Қазбек қалжың ретінде өз парақшасында жалғастырыпты. "Фаризаның жақсы, ақылды қыз екенін білемін. Бірақ, ғашықтық көзбен емес, жерлесім, қарындасым ретінде қараймын", - деді Қазбек. Қазекем өте салмақты болып көрінеді бізге. Ал, достарының арасында, инстасында қалжыңбас екен ғой", - деп ақталды Жазира Байырбекова.