Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ


Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Сыр еркесі» балабақшасы базасында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымын» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Бұл шара еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақтың тілін дамытып, сөздік қорын молайту және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өлеңді жаттап, мәнерлеп айта білуге үйрету. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздік туралы білімін кеңейте отырып, өз еліне қызмет ететін білімді, жан - жақты дамыған, батыл, намысты патриоттар дайындау мақсатында қолға алынды.
Байқауға №4 әдістемелік аймаққа қарасты балабақшалардың 5-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысты.
Шара барысында бүлдіршіндер ережеге сәйкес 16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыды.
Нәтижесінде, көрмендердің көзайымы болып, өз өнерімен тәнті еткен «Ботақан» балабақшасының тәрбиеленушісі Жақсыбай Әмина бас жүлдеге ие болды. Дәрежелі І орынмен «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиеленушісі Ерленов Димаш, дәрежелі ІІ орынмен «Инажан» балабақшасының тәрбиеленушісі Мутали Әсем және «Томирис жүрегі» балабақшасының тәрбиеленушісі Забирова Виктория, дәрежелі ІІІ орынмен «Сыр еркесі» балабақшасының тәрбиеленушісі Серікбай Ұлдана, «Камила» балабақшасының тәрбиеленушісі Жаңақұл Мерейлім және «Ералаш» балабақшасының тәрбиеленушісі Маратқызы Мунира марапатталды.
09 желтоқсан 2017 ж. 2 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам