ЕЛБАСЫ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛДЫ
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №179 А.Хангелдин атындағы орта мектеп базасында «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Аталған шараға 6-9 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Бұл шаар оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу, балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту, ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Шара барысында оқушылар «Қазақстан» биін орындап, «Балалық шағымның аспаны» атты көрініс қойып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Абайдың қара сөздерінен мәнерлеп өлең оқыды.
Сондай-ақ, «Первый Президент», «Казах», «История Казахстана», «Халқымның көшбасшысы», «Елбасы ардақты жан», «1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні» атты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
8- 9 сынып оқушылары арасында интелектуалдық сайыс өткізілді.
«Бәйге» бөлімінде топ мүшелеріне үш тілде тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылды.
«Полиглот» бөлімінде қатысушыларға мақал беріліп, оны үш тілге аударды.
«Көкпар» бөлімінде қатысушыларға ұяшық таңдау арқылы балдық жүйеде белгіленген сұрақтар қойылды.
«Суретті жұмбақтар» бөлімінде қатысушыларға слайд арқылы суреттер көрсетіліп, сол суреттердің атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтты.
«Шешендік» (оратор) бөлімінде қатысушылар берілген тақырыпқа сәйкес 5 -6 сөйлемнен тұратын мәтін құрап, оны үш тілде оқыды.
Сайыс соңында қатысушы топтар мектеп директорының дәрежелі І, ІІ және ІІІ орын дипломымен марапатталып, «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалды.