РОЗА ӘЛҚОЖАНЫҢ ЖАЗБАСЫ ЕЛДІ ЖЫЛАТТЫ
Роза Әлқожаның інісі Әбдіжаппар Әлқожады туған күнімен құттықтаған жазбасы көптің жүрегін елжіретті.
“Жапонтай! Жарық күн! Бүгінгі Алла жарық сəуле сыйлаған атаулы күнің, толған жаңа жасың құтты болсын! Сен өмірге келгенде анаң науқастанып көп жатты. Сен сүндеттелгенде өзің ауырып той жасай алмадық.
Сен оқуға түскенде мұғалімің оң қабақ таныта алмады. Сені жетелеп сахнаға алып шыққанда туысы ғой деп, талантыңа күмəн келтіріп, түріңе қарап қазаққа қимағандар көп болды.
Өз еңбегіңмен, менен бөлініп кетіп елге танылдың. Тəтті əнің сəтті шықты. Шынберген ағаға мың алғыс!
Біз көтере алмадық, ел көтерді! Біз тани алмадық, ел өз баласындай жақсы көріп алды!
Енді сол елге иіліп еңбек ете бер! Сенің бойыңдағы сезімталдық, кішіпейілдік, шығармашылық қасиетті жаныма ерген жандардан таппай жалғызсырайтыным жасырын емес сапарда. Сенің адалдығыңа ие болған адам – жанын саған сеніп тапсыруына болатынын білем!
Сенің назаңа қалғандар жазасын өмірден алуда…
Сондықтан жаным, тəңір берерін тауыспасын!
Осы елге өзіңдей бір бойына бірнеше қасиетті жинақтаған ұл қажет-ақ. Аман жүр. Ұзақ жаса! Сен аман болсаң əлі көп шаруа жасайтыныңа сенем! Сенің басың идеялардың ордасы ғой!
Көптің тілеуімен көгере бер, елдің баласы!”, – деп жазды әнші.
“Туған күні құтты болсын, бірінші байлық денсаулық дені сау болсын”, “Туылған күнің құтты болсын алар биік асар тауың алда. Талантты әншісің”, “Бауырыңыздың туған күні құтты болсын! Халықтың еркесі, елдің серкесі болып, өнердің биік шыңдарынан көріне бергей!!!”, – деп жазды пікір жазушылар.