Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ САХНАҒА ШЫҚПАҒАН "НЫСАНА" ТЕАТРЫ АТАУЫН ӨЗГЕРТІП ЖІБЕРДІ

ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ САХНАҒА ШЫҚПАҒАН "НЫСАНА" ТЕАТРЫ АТАУЫН ӨЗГЕРТІП ЖІБЕРДІ

   "Нысана" тобының жігіттері бүгінде "Ерекше шоу" атауымен продюсерсіз жаңа жобада жұмыс істеп жатқан жайы бар. Жаңа атаумен жақында Алматыда концерт өткізуді жоспарлап отырған топ мүшелері соңғы жаңалықтарымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Елге "Бауыржан шоу" театры арқылы танымал актер Әбунасыр Серіков "Нысана" әзіл-ысқақ театрының негізін қалаған. Топ құрамы жайдарманшылардан тұрады. Біраз жылдар бойы бірге жұмыс істеген продюсердің соңғы екі жылда топтың шығармашылына көңіл бөлуге уақыты болмаса керек биылдан бастап жігіттер продюсердің жеке жұмыс істеуді жөн көріпті.

Айтуларынша, Әбунасыр Серіков қазір отандық фильмдерге жиі түсіп жатқанына байланысты топпен жұмысты уақытша тоқтатқан. Дегенмен, топ мүшелері: "Ерекше шоу" жобасы өз мәресіне жеткен соң, бұрынғы продюсермен жұмыс істеуді қайтадан жалғастырамыз" деп отыр.

Соныман қатар, жігіттер жаңа жобаны жаңа атаумен бастауды жөн көріпті.

"Нысана" театры уақытша "Ерекше шоу" болып аталады. Тіпті өзгерген тек топтың атауы емес, құрамы да: "Топ құрамын жаңарттық, яғни тағы да жігіттер қостық. Осы жоба бойы олар бізбен бірге жұмыс істейтін болады", - деп сөзін жалғаған әзілкештер тіпті көрерменге тосын сый ретінде дайындаған топтың су жаңа мүшесі туралы да айтып берді.

"Арамызға қосылған Дәулет есімді жігіт. Дәулет осы уақытқа дейін сахнаға ән айтып шыққан. Басқа жігіттер сияқты жайдарманда ойнамаған. Дегенмен, Дәулет нағыз "дала сахнасында" өскен жігіт. Оның өнерін өздеріңіз көріп, бағасын берерсіздер", - дейді құпияларымен бөліскен жігіттер.

"Бұл біздің продюсеріміз Әбунасыр Серікков ағамыздан бөлек жасап отырған алғашқы жобамыз. Бұл белгілі бір телеарна ұсынған телевизиялық жоба, бағдарламаны толықтай пісіріп, теледидарға дайын қылып шығару үшін, алдымен халыққа көрсетуді жөн көрдік. Сондықтан наурыз айының басынан бастап оңтүстік өңірлерді аралап келеміз, әзірге бәрі тамаша, халық бізді жылы қабылдап жатыр", - дейді олар.

"Ерекше шоу" екі жылдан бері сахнаны сағынған актерлердің жаңа жобасы болмақ. Өзге театрлардан ерекшелігі, бұл жолы жігіттер LED экранмен жұмыс істеп, халықты таңғалдырмақшы және бұдан бөлек көрермендерді түрлі тосын сыйлар күтуде.
02 мамыр 2018 ж. 4 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 043 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам