Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАҒАН СӘТ

ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРҚЫРАҒАН СӘТ

    «Ұлы Дала астаналарында»... Дәл осы тақырыппен елге танымал эстрада жұлдыздары шығармашылық іссапармен Ақмешітке ат басын тіреді.  Қызылорданың орталық алаңында жиналған халық қарасы мол. Ашық аспанды әсем ән мен тәтті күйге бөлеген өнерпаздар Сыр жұртшылығына есте қаларлық көңілді кеш сыйлады.                                                        
       Айта кетейік,аталмыш кешке себепкер болған елге танымал үздік жоба – «Ән мен әнші» биыл өзінің он бесінші мәрте шымылдығын түрді. Қазақ эстрадасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл шараны биыл ерекше өткізу ойда бар. Алаштың анасы – Қызылордаға келген әншілер осылайша қазақ тарихында астана мәртебесін алған қалаларда ел назарына концерттік бағдарлама ұсынбақ.                                Ал, орталық алаңда өткен ауқымды шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жоба идеясына қолдау білдірді.                                        
         – Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан жазиралы даламыздың тарихы тереңде жатыр. Құндылығы жоғары жәдігерлерге тұнып тұр. «Ән – көңілдің ажары,күй–көңілдің базары» демекші «Ән мен әншінің» бұл бастамасын ерекше қолдаймын, – деді облыс әкімінің орынбасары.            
         Жұлдызды көштің қатарында Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы, Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, «Қоңыр» тобы, Мөлдір Әуелбекова, Гүлнұр Оразымбетова, Жанболат пен Жазира, Ерке Есмахан, Ғаділбек Жанай мен эстраданың өзге де өнер иелері бар.                            
 – Ауқымды шара Елорданың 20 жылдығына орай қолға алынып отыр. Жобаның мақсаты – тек ән айтып би билеу емес, оның тарихи тағылымдық жағына аса мән берілді. Әншілер сапар кезінде тарихи орындарда болып, туған өлкенің өткенімен танысады. Сол жерде жарты сағаттық арнайы бағдарлама түсіріліп, кейін ол эфирге жол тартады. Мәселен, бұған дейін Атырауда, Сарайшықта болдық. Онда қаншама шежірелі дүниелерге қанықтық. Шараның экскурссиялық-телевизиялық жоба ретінде қолға алынуы да сондықтан, – дейді «Ән мен Әнші» жобасының авторы әрі жүргізушісі Сержан Молдасанұлы.                                                            
   Қызылордаға сапар барысында әншілер қауымы алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейінде Сыр өңірінің бұрынғы бейнесімен танысты. Одан соң Мұстафа Шоқай, Батырхан Шөкенов сынды қоғам және өнер қайраткерлерінің ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды. Ал, сөз арасында жерлес әнші Гүлнұр Оразымбетова қазақ астаналары тарихында Ақмешіттің де өз қолтаңбасын қалдырғанын мақтаныш тұтанын жеткізді.                            
Жоба өнерпаздары Қызылордадан соң түркі халықтарының алтын бесігі – Түркістанға жол тартты. Одан соң шара оңтүстіктегі астана ару қала – Алматыда жалғаспақ. Ал, 15 жыл бойы халықтың асыға күтетін сүйікті жобасына айналған «Ән мен әншінің» қорытынды кеші астананың туған күні қарсаңында Елордада «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтеді деп жоспарлануда.  
                                                                                             Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
25 маусым 2018 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам