Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жазира Байырбекова: Жанболаттың маған ғашық екенін алғаш автобуста түсіндім

Жазира Байырбекова: Жанболаттың маған ғашық екенін алғаш автобуста түсіндім

   Нәзік те биязы болмысымен көптің жүрегіне жол тапқан Жазира Байырбекова жары Жанболатпен танысқан шағын еске алды. Ол осыдан 25 жыл бұрын студенттік шағында болған қызықты естеліктерімен бөлісті, деп жазады Stan.kz.
"1994 жыл еді. 1-курс студентімін. Жасым 16-да. Жатақxанада тұрамыз. Біздің бөлмеде бір жігіт қайта-қайта есік қағып келіп, кілтін беріп кетеді "тұра тұрсыншы" деп, 10-15 минуттан кейін қайта алып кетеді. Әйтеуір сылтау тауып келе берді. Мен "осы жігіт біреуіңе ғашық" деп күліп қоям.
Бөлмеге менен жасы үлкен қыздардың дос жігіттері қонаққа келіп отыр еді. Әлгі жігіт есікті қағып мені шақырып "сен кішкентай қызсың, саған жігіттер бар жерде отыруға болмайды. Мен далаға шығып серуендеуге бара жатырмын. Жүр одан да таза ауада жүр қонақтар кеткенше" деп далаға серуендеп келдік.
Тағы бір күні сабақтан шығып аялдамада тұрсам әлгі жігіт те аялдамада бола қалады. Күнде солай. Бір күні автобус ішінде жаныма келіп тұрып Абай даңғылында орналасқан неке сарайының алдынан өтіп бара жатып "екеуміз кейін осында келеміз" деді.
Оның маған сөз айтқанының басы солай болды. Мен сонда ғана түсініппін ғой оның маған ғашық екенін. Сол жігіттің жанында жүргеніме ... жыл болыпты. Есімі Жанболат!" - деп баяндады Жазира. 

28 наурыз 2019 ж. 1 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам