Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әскери патриоттық сайыс ұйымдастырылды

Әскери патриоттық сайыс ұйымдастырылды


Жалпы білім беретін мекемелердің жоғары сынып оқушылары арасында "Отан қорғау баршаның борышы" атты әскери патриоттық сайыс ұйымдастырылды.
Бұл шараны Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 27 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай қалалық ішкі саясат бөлімінің қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және 5547 әскери бөлімінің ұйымдастырды.
Сайысқа Қызылорда қаласындағы 10-ға жуық жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары өтінім білдіріп, қатысты.
Сайыстың басты мақсаты әскери қызмет туралы қала жастары арасында оңтайлы көзқарас қалыптастыру, жастарды Отанға қызмет етуге әркез дайын болуға шақыру және отансүйгіштікті қалыптастыру. Сонымен қатар, байқауға қатысушы жастардың өзін-өзі танытуына жағдай жасау, қабілетін дамыту және өзін-өзі көрсету арқылы тәжірибесін арттыру және армия қызметінің мәртебесін арттыру болып табылады.
Үздік деп танылып, жеңіске жеткен қатысушылар әр кезеңдер бойынша және топтық есеппен арнайы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
07 мамыр 2019 ж. 1 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 201 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам