ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН, ТУҒАН ӨЛКЕМ - ҚАЗАҚСТАН!
Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан!» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Аталған шараға білім бөліміне қарасты аралас мектептердің оқушылары қатысты. Шара мектеп оқушыларының әр түрлі ұлт өкілдерінің киімін киіп, нақышына келтіре орындалған «Бір шаңырақ астында» биімен ашылды.
Соның айғағы ретінде №264 мектеп-лицейінің биылғы жылы бітіруші түлектерінен, Республикалық пәндер олимпиадасының жүлдегерлерінен құралған оқушылар, салауатты ұрпақ, мектеп озаттары, каратэ, дзюдо, таеквандо, грек-рим, еркін күрес және әр түрлі спорттар бойынша сонымен бірге, қаланың аралас мектептерінде оқитын өзге ұлт өкілдері ұлттық киімдерімен жорықтық шеруге, 10 сынып оқушылары әскери-қолданбалы спорттың түрлерінен, 3 сынып оқушылары «Жас қыран», 6-7 сынып оқушыларынан мажореткалар жасақталып, салтанатты саптық шерумен жүріп өтті. Шеруде барлығы 450 оқушы қамтылды.
Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекесімен қабат келген 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне ұйымдастырылған семинардың екінші бөлімі 3 бағытта ұйымдастырылды.
Қатысушы оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салып, жан-жақты қырларынан көрінді. Спорттық сайысқа қала мектептерінен 100-ге жуық оқушы қамтылса, сурет байқауында 20 оқушы өз шеберліктерімен көзге түсті.
Бұл іс-шараның тағы бір ерекшелігі қала мектептерінің қамқоршылық кеңес төрағалары белсенділік танытып, сайыс жеңімпаздары марапатталды. Оқушылар ән айтып,би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушы қонақтар мен ата–аналар оқушылардың өнерлеріне ризашылықтарын білдіріп, ризашылықтарын білдірді.
Қазақстанның бірлігі күні бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында
айтарлықтай атап өтілуде. Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.