"АЙБЫН" ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыста "АЙБЫН" әскери-патриоттық жиыны өтті.
«АЙБЫН» әскери-патриоттық жиыны облысымызда 4-ші рет ұйымдастырылып отыр. Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына, Туған қаламыздың 200 жылдығына арналып өткізілуде.
Жиынның негізгі мақсаты – жастардың бойында отаншылдық, патриоттық сезімдерін ояту. Қазақстан қарулы күштерінің қатарына шақыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, тұлғалық жетілу, жастарды әскери қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдылау.
Жиынға облысымыздан 7 аудан мен қаладан 8 команда (160 жас) қатысуда. Жарыстың 8 түрі (Белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74-ті жартылай шашу, жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс кешенді қию, әскериленген эстафета) бойынша өтетін бүгінгі жарыста, ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысымен:
1. І орын – Арал ауданының командасы;
2. ІІ орын – Қармақшы ауданының командасы;
3. ІІІ орын – Қызылорда қаласының құрамасы.
Жеңімпаз командалар мен жекелей сайыстар бойынша орындар алған жастар дипломдармен, медальдармен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.