ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
Қалалық білім бөлімінің желілік кестесіне сәйкес №23 мектеп-лицей базасында оқушыларға ағылшын тілін түсінуді үйрету, алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауды дамыту, тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту, топта жұмыс істеуді білу, ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Traveling to languages» тақырыбында 6-7 сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыс ережесіне сәйкес қатысушылар 2 топқа бөлінді. «Бәйге» кезеңінде топтарға сұрақтар қойылды.
«Кім ең білімді»? кезеңінде жасырылған әріптерді топ жетекшілері таңдап, алған әріптен басталатын сөздермен сұрақтарға жауап берді.
Сайыстың соңғы кезеңінде қатысушылар орны ауысқан әріптерден сөз құрастырып, берілген сөздердің антонимдерін айтып, мектеп директорының дипломдарымен марапатталды.