Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛАҒАТЫ МОЛ ҰЛТТЫҚ

ҰЛАҒАТЫ МОЛ ҰЛТТЫҚ

Терме тоқу – қазақ халқының атам заманнан бергі келе жатқан дәстүрлі өнері. Әсіресе, ауылдық жерде өскен біздер үшін ол таңсық емес. Аналарымыздың жүн түтіп, жіп иіріп, терме тоқығанын бала кезімізден көріп өстік. Менің анам, марқұм Қатша Жарылқасынова осы ұлттық өнердің хас шебері еді. Киіз үйдің бүкіл бауын, басқұрын, әйтеуір ши тоқудан бастап керек-жарақтарын көрші-көлеммен бірге тоқитын. Сол көрініс зердемізде қалып қойыпты.
Анамның айтуынша, терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, мәймөңкелеу жұмыстарының барлығы да есептеп санау арқылы, әрбір ілінген жіп санын ұмытпай есте сақтау арқылы орындалады екен. Бұл әдіс – қазақтың өрмек өнерінің ең көп тараған түрі, көркем дүниелерді тоқуға ең бір қолайлысы.
Қайыра теру тәсілімен тоқу құрылатын өрмектің ерсі жібі мен қарсы жібі 3-4 түсті бояумен боялады. Олардың екеуі бірдей теріліп, өрмектің екі жағынан тоқылып шығады.
«Кежім теру» немесе «бұқар теру» тәсілі көп түсті және әртүрлі өрнектен жасалатын басқұр мен алаша тоқу үшін қолданылады. Мұндағы өрнектер ерсісі мен қарсысындағы әртүрлі жіптерден теріліп, бір жіп осы бірнеше түсті жіптерден терілген өрнектің астында бос қалып отырады. Мұндай тоқу әдістері Қырғызстанның оңтүстігінде көп кездеседі.
Анамыздың жанында жүргенде жадымызда сақталып қалған тағы бір тәсіл «орама теру». Бұл арқылы басқұрлар, алашалар әзірленеді. Мұндай жағдайда өрмектің ерсісі, қарсысы және арқауы бәрі бір түсті жіппен құрылады. Бұған көбінесе ақ не қызыл түсті жіптер қолданылады. Тоқу барысында әр түсті жіптерден өрнек салынады. Оның жібі өрмектің ерсісіне қолмен оралып, арқаумен бекітіліп отырады. Бір теру тәсілі тек ғана басқұр тоқуға қолданылады. Мұндай басқұрлардың ерсі мен қарсы жібі көбінесе бірыңғай ақ жіптен, кейде қызыл жіптен құрылады. Өрнегі қызыл, қара, көк және басқа түсті жіптер теріледі. Мұның бәрін қазақтың қарапайым өрмегімен жіңішке лента тәріздендіріп тоқиды.
Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқуда өрнек беретін жіпті ерсі мен қарсының өз бойыңда бояп алады да, жай өрмек әдісімен тоқи береді. Тақыр кілемді кейде жіптерін боямай – ақ, ақ жіп пен қара жіпті кезек келтіріп тоқиды. Сөйтіп көлденең жолақ, кейде ұзын жолақ, сондай-ақ кеңірдек өрнектер тоқылып шығады.
Түктеп теру әдісімен енсіз шағын кілем, кілем, қоржын, түрлі төсеніштер тоқылады. Мұндай өрмектің өрнектеуіш жіптері ерсі мен қарсыға аралас бойлай тоқылады. Бой жіптер қатарыңда тұрған өрнектеуіш жіп өрнек бетінде бос қалып отырады да, соңынан ол кеселмен қырқылып тасталады. Осыдан өрмек бетінде түк пайда болады.
Ұлттық өнердің айшықтысы –терме тоқу. Сондықтан әр өрнегінде терең тарихи мән жатқан ұлттық құндылығымыз ұмыт қалмауы тиіс.

Г. ҚОЖАХМЕТОВА.
11 желтоқсан 2017 ж. 3 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам