Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ИГІЛІКТІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ БОЛСЫН

ИГІЛІКТІ ІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ БОЛСЫН

  Санаулы күндерден соң ит жылы төрімізге озады. «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деп алдағы уақытқа сеніммен қарайды.
Қазіргі таңда жұртшылық оған әзірлікті бастап кетті. Бұл мерекені шыршасыз елестете алмаймыз. Сауда орындарында оның мың-сан түрі саудаланып, көздің жауын алатын түрлі жылтырақтар көбейді.
Табалдырықтан аттағалы тұрған 2018 жыл ит игілікке бастар кезең ретінде үмітпен қараймыз. Жеті қазынаның біріне саналған ит – қай кезде де адам баласының серігі, досы. Ол жайында көне замандағы аңызда былай баяндалған. Сол бір заманда жерге нөсер жаңбыр жауып, жерді топан су басады. Дүние-мүлік, жер бетіндегі бар байлық, оның ішінде тіршілікке ең қажетті астық та суға кетеді. Сонда ит пісіп тұрған, енді топан суға кетіп бара жатқан астықтың бір уыс масағын тістеп алып шығады. Сол астықты келер жылы адамдар жерге сеуіп өсіріп, азық етіпті. Өз ризығымен бөліскен итті солайша жеті қазынаның бірі саналған.
«Ит адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Бірақ арамдықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді. Ит – адал ойынның жақтасы. Сондықтан бұл жылы адамдар еңбегіне, адал ниетіне қарай марапатталуы мүмкін. Оның сұрауы да жоқ емес. Ит біз ойлағандай, қарапайым үй жануары емес, жауапкершілікті талап етеді» дейді нумерология мамандары.
Жұлдызшылар ит жылы туғандар әділдікті жаны сүйеді, өзінің құқығы үшін күресуге бар күшін сарп етеді. Байлық көп қызықтыра бермейді. Дерек көздеріне көз жүгіртсек, халық даналығы әр жылдың қадір-қасиетіне қарай мінездеме жасағанын көреміз. Мәселен: «Тышқан жылы – тыныштық; Сиыр жылы – сыйлық; Барыс жылы – бірлік, Қоян жылы – қамбалы, Ұлу жылы – үлгілі, Жылан жылы – жайлы, Жылқы жылы – жұтсыз, Қой жылы – құтты, Мешін жылы – мерейлі, Тауық жылы – табысты, Ит жылы – игілік, Доңыз жылы – дүниелі» болады деп жыл иелеріне баға берген. Мұндай түсінік адамдардың санасына келер жылдан тек қана жақсылық күту керектігі туралы сенімді ұялататын көрінеді.


Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
03 қаңтар 2018 ж. 2 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам