БАҚЫТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАСТЫ БЕЛГІСІ АТАЛДЫ
Зерттеушілердің айтуынша, жұбайлар "біз" есімдігін жиі қолданса, олардың қарым-қатынасын салауатты деуге болады. Бұл сөз олардың ойына, сезімі мен мінез-құлқына әсер ететіндігі және олар өзімшілдікке бейім болмайтыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Зерттеудің нәтижелері EurekAlert-та жарияланды. Зерттеуге 5,3 мың адам қатысты. Сарапшылар әңгімесінде "біз" деген сөз жиі естілетін ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы басқалардан табыстырақ, сау және бақытты болып шықты. "Бұл өзара тәуелдіктің және жалпы позитивтің белгісі", - дейді зерттеу авторларының бірі Александр Каран. Ол өзара тәуелділік дұрыс қарым-қатынастың көрсеткіші екенін түсіндірді, себебі ол қиын кезеңде адамдардың бір-біріне қолдау көрсету қабілетіне әсер етеді. Өзара тәуелділік теориясы 1950 жылдары пайда болған, онда мұндай қарым-қатынастағылар бірін-бір жақсы сезінеді және түсінеді делінген. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы некеде болған. Барлығынан бес критерия бойынша қарым-қатынастарын бағалауды сұраған: қатынас нәтижесі (қанағаттану, байланыс ұзақтығы), өзара әрекеттесудің сипатын (оң немесе теріс), психикалық денсаулықты, физикалық денсаулықты және өзін-өзі күту. Нәтижесінде ерлер де, әйелдер де, жастар мен қарттар да "біз" сөзіне ең жоғары балл қойып, қарым-қатынастарын бүтін бір дүниеге бағалаған. Ғалымдардың пікірінше, "біз" есімдігін пайдалану, әсіресе жанжал кезінде қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.