Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қарттарын қадірлеген ел озар

Қарттарын қадірлеген ел озар

   Ақыл-парасат пен өнеге-өсиеттің шырағы болған қазыналы қарттар күніне орай, қаладағы «Астана» мейрамханасында қала әкімшілігі ардагерлер мен зейнеткерлерге арнап ақ дастархан жайды.
         Жүзден астам ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерге құрмет көрсетіліп, ас берілді. Қоғамның дамуына сүбелі үлес қосқан асыл жандарды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
          – Біз «Қариялы ел – қазына», – деген халық даналығымен сусындап, қашанда қартын құрметтеп, қариясын сыйлаған халықтың баласымыз. Сіздер бүгінгі күні зейнет жасында болғанның өзінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпақтың бағыт-бағдарына кеңес беріп отырсыздар. Бұл қасиеттеріңізге қарап бойымызға үлкен қуат аламыз. Қазірге дейін егеменді ел атану жолында түрлі қиын-қыстау заманда дес бермей, мемлекеттің дамуына аянбай тер төгіп келесіздер. Алдағы уақытта да әрдайым кейінгі толқынға қолдаушы болып жүре беріңіздер демекпін, – деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
         Әр саланың ардагерлері бас босқан мазмұнды кеште тек жүрекжарды тілек пен аржарқын әңгімелер айтылды. Шара барысында бір салада ұзақ жыл қызмет атқарған үздіктерге «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Соның бірі – облыстық медицина саласының ардагері Рая Көзденова. Ол елу жылға жуық уақыт бойына балалар дәрігері болып қызмет істеген. Қазір сол ауыр да жауапкершілігі мол саланың дамуына үлес қосқаны үшін өзін бақытты санайды. Бүгінде «Еңбек Қызыл Ту», «Ерен еңбегі», «Астана», «Алтын дәрігер» сынды төсбелгімен марапатталған.      
          –  Бүгін мереке қарсаңында қала әкімінің ілтипатына бөленіп отырмыз. Қаланың ардагерлерімен бірге ақ дастархан басында аман-есен қауышқанымызға қуаныштымыз. «Толысып аққан дария – мейірбанды қария» демекші, қашанда үлкеннің қадірін жете түсінген халықпыз. Соның бір үлгісі бүгін көрініс тауып отыр. Бейбіт өмірде осылай көп жылғы бейнеттің зейнетін көріп, марапатқа ие болу біз үшін зор бақыт, – деді ол.
         Салтанатты шарада әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, жыршы Руслан Ахмет, Марат Сүгірбаев сынды өнерпаздар әннен шашу шашып, ардагерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА          
05 қазан 2019 ж. 1 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 053 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам