Қызылордалық екі ұстаз республикалық конкурста үздік педагог атанды
Ұстаздар күніне орай жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік педагог-2019» конкурсының жеңімпаздары анықталды. Елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласында өткен марапаттау салтанатында Қызылорда облысынан 2 ұстаз үздік атанды.
Мектепке дейінгі және орта білім бағыты бойынша Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының физика және математика пәндерінің мұғалімі Гүлзина Бекмухаметова лайық деп танылды. Ал, техникалық және кәсіптік білім бағыты бойынша Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ботагөз Таңқыбаева марапатталды.
Марапат иегері атанған әрбір ұстаз 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және “Үздік педагог” белгісін иеленді.
Айта кетейік, 8 жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан конкурста 432 ұстаз «Үздік педагог» төсбелгісін иеленген.