Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жол – іргелі істердің бастамасы

Жол – іргелі істердің бастамасы

Қызылорда қаласы күн өткен сайын түрленіп келеді. Алғашқы астанада заман талабына сай зәулім үйлер бой көтеріп, инфрақұрылым тартылып жатыр. Дана халқымыз «елу жылда ел жаңа» деп тегін айтпаса керек. Жылдан-жылға жаңара түскен шаһарды байқаған сәтте осы сөз ойға оралады. Бірнеше жыл бұрынғы қала кейпі мен қазіргі даму үстіндегі келбетін салыстыруға келмейді. Соңғы жылдары Сыр өңірі орталығының инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға байланысты мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінуде. Соның айғағы ретінде қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһар орталығына жолыңыз түссе, көшенің көріктене түскенін байқауға болады.
Қызылордада былтыр қала ішіндегі 41,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге орташа, күрделі жөндеу жасалған болатын. Соның жалғасы ретінде биыл да ауқымды шаруалар атқарылуда. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қала бойынша 176 көше түрлі деңгейдегі жөндеуден өтуде. Оған 1 млрд 355 млн. теңге қаржы қаралған. Осы жұмыстар негізінде 1 көше жаңадан 50 көше орташа, қалған 125-і ағымдағы жөндеуден өткізілмек.
Осы уақытқа дейін шеткі аймақтағы жол жөндеу жұмыстары шешілмей келген еді. Аталған жайттар биыл назарға алынып, оң шешімін тапқан. Соның нәтижесінде шеткі аймақтағы ескірген жолдарды күрделі және орташа жөндеу қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда Гагарин аумағы мен Қызылжарма ауылдық округіндегі тозығы жеткен көшелерді жөндеу толық аяқталған.
Бүгінде кезең-кезеңмен шеткі аймақтағы жолдар жөнделу үстінде. Жолды салып, көшелер тегістелгенмен артынша тағы бір мәселенің шеті шығады. Ол – салынған жолдың сапасы. Расында, қалада жөнделген кейбір көшелердің бір жылға жарамай қайта бұзылып жатқанын көріп жүрміз. Тиісті қаражат бөлінген соң жұмысты сапалы жасауға да міндетті болу қажет. Сондықтан да алдағы уақытта қалалық мәслихат депутаттары осы жәйтті назарда тұрақты ұстайтын болады. Себебі, бөлінген қаржының сұрауы бар екені белгілі. Сол үшінде жасалған тірлікті қадағалау мақсатында депутаттар рейдке шығып, оларды аралап көрген болатын.
– Қалалық мәслихат депуттары облыс орталығында жөнделіп жатқан жолдардың сапасын тексеруді жөн көрді. Себебі, жол мәселесі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жалпы, соңғы 5-6 жылдың көлемінде қаланың жол жөндеу жұмыстарына 22 млрд. 603 млн. теңге қаржы жұмсалған. Нәтижесінде бұл қаржыға 627 шақырымды құрайтын 909 көшеге тиімді жұмыстар жүргізілді. Бүгінде кезең-кезеңмен шеткі аймақтағы жолдар жөнделу үстінде. Тұрғындар өтініші біздің назардан тыс қалмайды, – дейді қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова.
Сонымен қатар қалалық мәслихат депутаты Сәрсенкүл Бихожа осы мәселе төңірегінде өз ұсынысын жеткізген болатын. Соның негізінде қаладағы әрбір көшеге күрделі жөндеу кезінде мердігер мекеме мен техникалық қадағалаушы мекеме және бөлінген қаржы жөнінде мәліметтер тақтайшаға жазылып қойылса деген пікір білдірді.
Жол – экономикалық дамудың қайнар көзі екені анық. Аймағымызда атқарылып жатқан ауқымды істер экономиканың өрлеуіне жол ашуда. Сонымен бірге, жолдарды жөндеу – болашақтағы үлкен істердің бастамасы. Демек, қазіргі кезде халықтың ең көп көтеріп жүрген мәселесі рет-ретімен шешімен тауып келеді деген сөз.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
19 қазан 2019 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам