Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Адам өмірі – басты құндылық

Адам өмірі – басты құндылық

Қызылорда қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен бірлескен комиссия отырысы өтті. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық мәселе қаралды.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы сала басшысы Елмұрат Рахматуллаев хабарлама жасады. Оның айтуынша, мемлекеттік мекемеде сыбайластыққа қарсы жұмыстар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінге дейін талдау нәтижесі негізінде мұндай құқық бұзушылық әрекеттер анықталмаған. Бөлімге келіп түскен өтініш хаттар нақты мерзімде орындалып отыр. Айталық, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалымен бірлескен «Ашық есік» жеке қабылдауында біршама мәселе шешімін тапқан.Ал қалалық ішкі саясат бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты атқарылған жұмыстар легіне қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Қаюпов тоқталды. Аталмыш бөлім халықты құқықтық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды ақпараттық негізде жүзеге асыруда. Мәселен, жыл басынан бері аталған мәселеге орай қала тұрғындары арасында 6 кездесу ұйымдастырылған. Одан бөлек, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында оқу орындарда дөңгелек үстел өткізілген.
– Бөлім ішіндегі жұмыстың ашықтығы мен жариялылығын қалыптастыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестігінің қатысуымен әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыру бағытында отырыс өтті. Олар бұл тарапта өз ұсынысын білдіріп, қажетті өзгерістердің енгізілу қажеттігін жеткізді. Жыл соңына дейін еңбек ұжымдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстар жалғасады, – деді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
Комиссия отырысында құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты біршама жайттың жай-жапсары талқыға салынды. Қала аумағындағы есірткі айналымы, оны заңсыз егуге байланысты ахуалды қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Сыздық баяндады. Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараның нәтижесінде биылғы жылдың 9 айында 161 қылмыстық іс тіркелген. Оған есірткі құралын заңсыз сақтау, сату, өзгені тұтынуға көндіру шаралары жатады. Аталған әрекеттер қылмыстық іс ретінде танылып, сотқа жолданып отыр.
Қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығында орын алған құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алуға қатысты тиісті шараны қабылдауды тапсырды.
Ал қала бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған шаралар бойынша хабарлама жасаған қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ердәулет Жаукеевтің айтуынша, биылғы жылдың өзінде орын алған жол-көлік оқиғалары біршама өскен. Соның салдарынан қайтыс болғандар саны 59, түрлі дене жарақатын алғандар 80 пайызға артып отыр.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің заң талаптарын сақтамай жолдың кез келген жерінен кесіп өтуі қайғылы жағдайдың орын алуына итермелейді. Мәселен, жолдың келесі бетіне өту кезінде адам қағудың 72 дерегі орын алып, салдарынан 16 азамат қаза тапқан. Сондай-ақ, 59 адам дене жарақатымен ауруханаға түскен. Осындай деректерді болдырмау мақсатында жыл басынан бері түрлі профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда. Десек те, бұл құқық бұзушылықтың алдын алып, жол-көлік оқиғаларының санын төмендетуге өз ықпалын жасай алмай отыр.
Сала басшысы аталған жайтқа байланысты үгіт-насихат жұмысын әлі де жандандыру керектігіне тоқталды. Айталық, жолдың жүру бөліктеріне түрлі кедергілер мен шулы жолақтар сызып, жасанды тегіс емес қондырғыларды орнату, түнгі жарықтарды соңғы үлгідегі диодты шамдарға алмастыру, жаяу жүргіншілер жолын салу қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында қала әкімі сала басшыларына тиісті тапсырма мен міндеттер жүктеді. Ең алдымен адам өмірі мен денсаулығының маңыздылығын ескертіп, жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында нақты жұмыстар атқарылу қажеттігін міндеттеді.

Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА
28 қазан 2019 ж. 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам