Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада тұрғын үйлерге датчиктер орнатылуда

Қызылордада тұрғын үйлерге датчиктер орнатылуда

Өткен жылу беру маусымында қауіпсіздік ережелерін ескермеген 26 адам түтінге уланған. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық ТЖД және өрт сөндіру қызметінің өкілдері түсіндірме жұмысын бастады. кезекті Касихаттау жұмысын мамандар жылу беру маусымында қатты отын пайдаланатын "Наурыз" саяжайының тұрғындарына жүргізді.
Статистикаға сүйенсек, өткен жылы улы түтінге тұншыққандардың тең жартысы - балалар. Келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында 1000-нан астам датчик орнату үшін арнайы тізім дайындалды. Сұранысқа сәйкес тағы 2000 данасын сатып алу жоспарланып отыр. Мұның барлығы облыс аумағындағы қатты отын пайдаланатын әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы, жалғызбасты аналардың үйіне орнатуға ден қойылды.
Құтқарушылар тұрғындарға датчиктің мақсаты мен атқаратын қызметі турасында нұсқаулық жүргізіп, қабырғаға өздері орнатты. Тегін орнатылып жатқан датчиктің көмегімен енді үйде пеш жағатындар бөлмеге тарайтын уытты және қауіпті заттарды үздіксіз бақылай алады. Көптеген отбасы жалдамалы пәтерде тұрғандықтан жауапкершіліктің жоғары екенін айтып, құтқарушыларға алғыс білдірді.
Ескеру керек, тұрғындар аспаптың жұмыс істеу қабілетін аптасына бір мәрте тексеруі қажет. Әрі датчиктің әрекет ету радиусы - 50 шаршы метр.

Қызылорда облысы ТЖД
өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі


29 қазан 2019 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 430 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам