Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САЛА МАМАНДАРЫ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

САЛА МАМАНДАРЫ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

   Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, № 5 өрт сөндіру бөлімі және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп кезекті өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді.
Белгілі болғандай, жылу беру маусымы кезеңінде қызметкерлердің назары қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан туындайтын тұрғын үй секторларындағы өрттердің, улы газбен уланудың алдын алуға ерекше бағытталған.
Жұмыс барысында азаматтық қорғаныс қызметкерлері тұрғындармен тек түсіндірме сұхбаттарын жүргізбей, сондай-ақ тұрғындарға төсек орнында шылым шегудің қауіптілігі туралы және ашық отты абайсыз пайдаланудың, жылыту жүйесі мен құралдарын дұрыс пайдаланбаудың зардаптары туралы толық айтты. Алынған білімдерді нығайту үшін барлығына тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің маңызды негіздерін мысалға келтіретін және шұғыл қызмет телефон нөмірлері бар көрнекті парақшаларды таратты. Жалпы алғанда, қызметкерлер 237 үйді аралап шықты.
Сонымен қатар қызметкерлер автокөліктегі өрттерге жол бермеу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді, көлік жүргізушілеріне 40 дана жадынамалар таратып, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт сөндіргіштерді пайдаланылу және олардың жарамдылық мерзімін қарады.
Өрттер алдын ала болдырмау үшін халыққа түсіндіру жұмыстары маңызды болып табылады. Тұрғындар өрт болдырмау үшін қырағылық көрсету керек. Өрттерді алдын ала болдырмау бойынша жұмыс өте маңызды, сондықтан әр азамат жеке қауіпсіздігі мен мүлікті сақтаудың кепілі болатын өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауды ұғыну керек.
13 ақпан 2018 ж. 1 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам