Қазақстандық боксшы төрт жылдық үзілістен кейін рингке оралмақ
25 жастағы қазақстандық боксшы Роман Жайлауов (15-2, 9КО) төрт жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Boxrec сайтының ақпаратына сәйкес, Жайлауовтың кәсіпқой рингтегі 16-ыншы жекпе-жегі 31 қаңтар күні Данияда өтеді. Екінші орта салмақтағы кездесу алты раундқа есептелген. Романның қарсыласы туралы мәліметтер әзірге жоқ.
Еске салсақ, қазақстандық боксшы соңғы айқасын 2015 жылдың желтоқсанында өткізді. Онда Конго Демократиялық Республикасының өкілі Пол Камангеден (21-2, 12КО) жеңіліс тапты. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті. Кәсіпқой рингке 2012 жылы келген Жайлауов алғашқы 15 кездесуін жеңіспен аяқтады. Кейін қатарынан екі рет жығылды.