Оқу жаттығу: Протон құлады

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың аварияларымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару, өңірлік құрылымдық күштердің дайындығын пысықтау болып табылады.
Тәжірибелік іс-қимылға төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі республикалық комиссиялар, эвакуациялық комиссиялар, азаматтық қорғау қызметтері, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты.
Сонымен бірге оқу–жаттығуына 63 техника мен 450-ге жуық адам жұмылдырылды.