Аралда жоғалған екі балықшы табылмай жатыр
Екінші қараша күні Арал ауданында теңізге қайықпен балық аулауға шыққан екі балықшы жоғалған болатын. Оларды іздестіру жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Алайда, балықшылар 3 күннен бері табылмай жатыр.
– «Бақыт» шаруа қожалығының балықшылары 2 қараша күні таңертең онның шамасында теңізге балық аулауға кеткен. Балықшылар қайтпағаны жөнінде кешке хабар жетті. Олар – 1993 және 1994 жылғы облыс тұрғындары. Төтенше жағдай департаментінің құтқарушы мамандары дрон арқылы аумақты іздеп, одан бөлек жергілікті атқарушы органдары балықшылармен бірігіп, кеше 16, бүгін 20 қайық болып іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бірақ әлі нәтиже жоқ, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен шұғыл брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.