Қызылорда облысында көлік ұрлағандар ұсталды

Нәтижесінде тас жол бойында жаяу кетіп бара жатқан екі азаматты анықтады. Олар заңсыз айдап кеткен автокөлікті жасыру мақсатында жол жиегіне шығарып қойған. Күдікті ретінде Жалағаш кентінің 31 және 39 жастағы екі тұрғыны қолға түсті. Олар Жалағаш ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып тұрағына қойылды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.