Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аралда есірткі еккендер ұсталды

Аралда есірткі еккендер ұсталды

Қызылордада есірткі заттарын заңсыз егіп-өсірген 8 күдіктілерді полицейлер құрықтады, - деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қыркүйек айының 8 күні Арал ауданы, Жіңішкеқұм елді мекенінен 120 шақырым қашықтықта қалың құмдарды аралау кезінде есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктердің өсіп тұрғаны анықталды.
Полиция қызметкерлерімен оқиға орнында 6 азамат заңсыз есірткі егіп жатқан жерлерінен ұсталып, олардан басқа күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап, полиция қызметкерлеріне қарсы қару қолданған.
Қашқан күдіктілерді ұстау барысында олардың біреуі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Екінші 36 жастағы күдікті ұсталды.
Бүгінгі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 380-бабының 2-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен табельдік қару қолдану дерегіне құқықтық баға беру үшін Полиция департаментімен қызметтік тергеу жүргізілуде.


13 қыркүйек 2019 ж. 2 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 201 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам