Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Журналистика жампозы Қызылордада

Журналистика жампозы Қызылордада

  Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жазу тәсілдері, Редакциялаудың мән-мағынасы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараға аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері мен журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер қатысты.
Белгілі публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай бүгінгі семинардың арнайы қонағы болды. Ол Сыр журналистеріне ақпаратты жазу тәсілдері мен публицистикалық қадамдар туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, мақаланың  формасы мен жіберетін қателіктер тұрғысында тәжірибесімен бөлісті.
 Қайнар Олжай бұқаралық ақпарат құралдарында өзіндік қолтаңбасы бар талантты тұлға.  Осы саланың дамуына зор үлес қосқан. Әлі де білімі мен білігін журналистика саласына жұмсап келеді.  Семинар-тренингтің «Жазу тәсілдері» бөлімінде «журналистерге не керек»? «тақырыпты қалай қою керектігі» жөнінде айтып берді.
 – Қазіргі таңда осы сала мықты болу үшін көп оқу қажет. Бүгінде кітап оқып, ізденетіндер қатары азайған. Журналистика көп оқуды қажет етеді. Ең бірінші қазақ тілін жоғары дәрежеде білу керек. Қазақ тілінің жазылуы, әрбір тыныс белгінің қойылуы мақала жазғанда көрініп тұрады. Газеттегі мақаланы қаншама адам оқиды. Сондықтан да оқырман қате жібермеу үшін журналисттің сауатты болуы маңызды. Екінші пән ретінде психологияны айтар едім. Біздің салада тікелей әр түрлі адамдармен тіл табысуға тура келеді. Осы тұрғыда қасыңдағы жанның не ойлап, қандай күйде тұрғанын білу маңызды. Сонымен қатар, логиканы оқудың да маңыздылығы зор. Бүгінгі журналисткаға жүйе керек. Таза логикамен жұмыс жасаған оңай болады. Ал жүйе мен логика жазуға шеберлікті қалыптастырады, – деді Қайнар Олжай.
«Журналистердің ең ақсайтын жері тарих». Белгілі публицисттің бұл айтқаны толықтай орынды. Расында, бүгінде тарихты толық білетіндер көп емес.
Қайнар Олжай екінші бөлімде мәтінді редакциялаудың бірнеше түріне қатысты, БАҚ беттерінде жарық көрген мәтіндерге талдау жасады. Жас журналистердің сұрағына жауап берді.
Семинар соңында белсенділік танытып, өзекті сұрақ қойған журналистерге өзінің «Қой баққан қиын» атты кітабын ұсынды.
«Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай айтқандай, бүгінгі семинар-тренинг тілшілік тіршілікте үздік болсам дейтін жас журналистерге шабыт сыйлағаны анық.
 Айтолқын АЙТЖАНОВА
12 қараша 2019 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам