Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қармақшыда кәсіпкер мұқтаж отбасыларға үй салып берді

Қармақшыда кәсіпкер мұқтаж отбасыларға үй салып берді

Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол ауылдық округінде тұрмысы төмен баспанаға мұқтаж отбасыларға 2 жаңа тұрғын үйдің кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Игілікті істі ауылдық округте «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов жүзеге асырды. Соңғы үлгідегі талаптармен салынған тұрғын үйлер аумағы 200 шаршы метрді құрайды.
Аталмыш шара барысында жаңа қоныс иелеріне Қызылорда облысы бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысындағы өкілі Оңталап Жидебаев пен «Қармақшы Ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек Әбиұлы да сый-сияпат жасады.
Мұқтаж отбасыларға тұрғын үй кілтін табыс етуде аудан басшысы Мұса Қалдарбеков өз тілектестігін білдірді.
«Қоғамда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі маңызды орын алады. Бұл ретте бизнес өкілдерінің әлеуметтің осал топтарына бір кісідей жұмылып, еліміздің өркендеуі үшін қызмет атқаруы маңызды. Бүгінгі игі бастамаларды жүзеге асырып ел ықыласына бөленген «Жаңажол» ЖШС алғысымызды білдіреміз», - деді аудан әкімі.
13 қараша 2019 ж. 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 261 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам