Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мұқтаж жандарға – жайлы баспана

Мұқтаж жандарға – жайлы баспана

 Баспана – адам өміріндегі басты қажеттілік. Оны қамтамасыз етпей, қоғамның қандай да бір әлеуметтік басымдығы туралы сөз қозғау әбестік. Сондықтан да елімізде халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Соның бір мақсаты – мемлекет және бизнес өкілдері тарапынан да халықтың әлжуаз топтарына лайықты деңгейде қолдау көрсету.
Сыр өңірінде жергілікті басшылық пен Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қорының қолдауымен қолға алынған «Бәйтерек» шағын ауданындағы тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін баспана құрылысы бірнеше ай бұрын басталған еді. Бүгінде сол игілікті іс толықтай орындалды. Көпбалалы отбасыларға арнап салынған 150 үйдің 100-і бұрын табысталса. енді 50 үйі пайдалануға берілді. Осылайша баспана мұқтаждығын әбден тартқан шаңырақ иелері көркі көз тартарлық көркем үйлерде шаттыққа бөленді.  Жаңа баспананың табалдырын аттады.
Жаңа үйге қолы жеткендердің қатарында Динара Имашева да бар. Ол – 5 бала асырап отырған жалғызбасты ана.
– Қазіргі уақытта елімізде көп балалы анаға және мүмкіндігі шектеулі жандарға жақсы жағдай жасау алдыңғы кезекке қойылған. Соның негізінде жаңа үйге қоныстанудың бақыты бұйырды. Мұнда жарық, су, газ, жол, телефон байланысы бәрі бар. Ризамыз. Жалпы, отбасымның тұрмыс жағдайымен әкімшіліктегі адамдар таныс. Баспанаға мұқтаж екенімізді де біледі. Үй береміз деп хабарласқанда ерекше күйге бөлендік. Балаларым үшін қуаныштымын. Біз тек коммуналдық төлем төлейміз. Өзім үй кезегінде 1000-ы болып тіркеуде тұрмын. Екі балам балабақшаға барады, – деді Динара Имашева.
Тұрғындарға қолйлы болу үшін аталған ауданда медициналық пункт, арнайы орталық жұмыс істейді.
Айта кету керек, жергілікті басшылық пен меценат Болат Өтемұратовтың бастамасымен іске асқан «Баламекен» жобасы республикада алғаш болып Сыр өңірінде қолға алынды. Бұл уақытша берілетін тұрғын үйлер көпбалалы отбасылардың тұрақты баспаналы болуына жол ашады. Еске сала кетейік, 150 үйдің 50-і жергілікті бюджет қаржысына салынған.
Соңғы жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. 2013 жылы 230 мың шаршы метр баспана салынса, биылғы меже 800 мың шаршы метрге жеткен. Яғни, төрт есе өскен. Олардың біршама бөлігі мұқтаж отбасыларға берілді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА
30 шілде 2019 ж. 1 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам