Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылды

Қызылордада тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылды

   Кеше Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі табиғи газға қосылды. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы арқылы құны 33 млн теңге болатын инвестициялық жоба аясында, Қарауылтөбе ауылындағы 3 мыңнан аса ауыл тұрғындарының қуанышына орай 300-ге жуық үй көгілдір отынға қосылды.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісуге арнайы келіп, ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыруда септігі мол айтулы жобаның сәтті жүзеге асуымен құттықтады.
– Өздеріңіз білесіздер, жыл сайынғы халық алдындағы есепті кездесуде көтеріліп жүрген ең басты мәселесі ауылға көгілдір отын тарту болатын. Сіздердің сұраныстарыңыз бен талаптарыңызды орындау үшін тиісті жұмыстарды жасадық. Міне, сол жұмыстардың нәтижесінде мақсатымызға қол жеткізіп табиғи газды салтанатты түрде қосқалы тұрмыз. Бұл біріншіден ел Тәуелсіздігінің арқасында қолға алынған тың бастамалар мен мемлекет тарапынан халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың жемісі. Осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматтарға және бізге сенім артқан ауыл тұрғындарына ерекше алғысымызды айтамыз. Үйлеріңізге келген көгілдір отын отбасының жылуын, отанымыздың қуатын арттыра берсін!», - деді, қала әкімі.
Жалпы, Қызылорда қаласында қалаға қарасты елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді.
Жыл сайын, халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында, қала тұрғындарының жайлы тұрмыс кешуіне ең қажетті ауыз су, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Оның ішінде қалаға қарасты елді мекендерді газдандыру бағытында қарқынды шаралар қабылдануда.
   Қызылорда қаласына қарасты 2 кент және 7 ауылдық округ болса, оның ішінде бүгінгі күнге 2 кент және 3 ауыл толық газбен қамтылған.
Атап айтқанда, 2015 жылы Тасбөгет кенті мен Қызылжарма ауылдық округінде 5 мыңнан аса тұрғын үйлер, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар, 2016 жылы Талсуат ауылдық округінде 500-ге жуық тұрғын үй және облыстық деңгейдегі маңызды 3 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылды.
2017 жылы Белкөл кенті көгілдір отынға қосылып, нәтижесінде 830 жеке тұрғын үй, 4 көпқабатты тұрғын үй және 5 әлеуметтік нысан газбен қамтылды. Бұл жобаларды жүзеге асыруға 3 млрд теңгеге жуық қаржы тартылған.
Нәтижесінде қаланы газдандыру көрсеткіші 95 пайызды құрады.
Қала әкімі, салтанатты шара барысында тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісіп, келер жылдың соңына дейін Ақсуат ауылдық округі табиғи газға қосылатындығын жеткізді.
Ағымдағы жылы, осы мақсатта бюджеттен бөлінген 100 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

14 қараша 2019 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам