Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көкжиекті кеңейткен «көгілдір отын»

Көкжиекті кеңейткен «көгілдір отын»

Соңғы жылдары Сыр өңірінде газдандыру ісі ерекше қарқын алды. Қазір бұл жұмыс жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда облыс орталығы мен бірқатар аудандарда «көгілдір отын» маздап тұр. Биылғы қысқы маусым қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіне жағымды жаңалығымен келді. Көптен күткен «көгілдір отын» ауылға жетті.
– Енді отын жарып, пешке от жағып, күл шығармайтын боламыз. Тұрмыс тауқыметі азайып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды. Бүгінде ауыл өркениетке қарай осылайша оң қадам жасап жатыр, – дейді батыр ана Ұлмекен Үбжарова.
«ҚазТрансГазАймақ» өндірістік Қызылорда филиалының инвестициялық жобасы арқылы аталған елді мекенге 33 млн. теңге бөлінген. Бұл қаржыға елді мекендегі А.Иманов көшесінің 110 тұрғын үйіне табиғи газбен қамтамасыз ету шарасы жүргізілген. Қазіргі уақытта газды үйлерге қосу бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, округ әкімшілігі тарапынан «КазТрансГазАймақ» өндірістік Қызылорда филиалынан техникалық шарттар сұралған. Ол бойынша осы уақытта «Қаз ЭнергоПроектСтрой» серіктестігі арқылы Желтоқсан, А.Құнанбаев, Ж.Әбдіхалықов, Бейбітшілік, Жеңіс, С. Байсейітов көшелеріндегі 200 шақты үйге ауыл тұрғындарының өз қаражаты есебінен газдандыру жұмыстары жүргізілген.
– «Көгілдір отын» тартуда қарапайым халыққа мүмкіндік жасалды. Мәселен, «ҚазЭнергоПроектСтрой» серіктестігі «Хоум Кредит» және «Евразия» банктері арқылы келісімге келіп, несие арқылы газдандыру мәселесін шешті. Бүгінде қаншама үйге табиғи газ қосылғанын естіп отырмыз, – дейді ардагер ұстаз Сақтапберген Бермағамбетов.
Қарауылтөбе елді мекеніндегі 2200-ге жуық тұрғын осылайша биылғы жылы «көгілдір отын» игілігін көрмек.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудандарды газдандыру жұмысы өз деңгейінде атқарылып жатыр. Оған себеп «Қызылорда облысын әлеу¬меттік-экономикалық да¬мытуға арналған» кешенді даму жоспары. Аталған жоба толығымен орындалса 2022 жылы облыс халқының 70 пайызы газ игілігін көреді.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.

29 қазан 2019 ж. 872 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам