Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЕЛКӨЛ КЕНТІ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

БЕЛКӨЛ КЕНТІ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

  Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында жергілікті тұрғындар игілікті істердің куәсі болып, бірқатар нысандар елдің көзайымына айналды. Атап айтқанда, облыс орталығы іргесіндегі Белкөл кенті «көгілдір отынға» қол жеткізсе, көп қабатты үйде қоныс тойын тойлаған жерлестеріміз де бар.
Белкөлде үш мыңнан астам адам тұрады. Аталмыш кент қалаға жақын тұрғанмен әлі күнге дейін табиғи отынға қол жеткізе алмай келді. Бұл мақсатта қазына қазанынан қомақты қаржы бөлінді. Елді мекенде 26 шақырым газ құбыры тартылды. Осының нәтижесінде 630 үйге көгілдір отын қосылды.
Жергілікті тұрғындардың қуанышымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бөлісті. Кент тұрғындарын құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
– Соңғы жылдары облыс орталығында тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған көптеген игілікті істер атқарылды. Осы бағытта сумен және газбен жабдықтау, жол құрылысы секілді ауқымды жобалар жүзеге асты. Бұған дейін облыс орталығына қарасты Тасбөгет, Қызылжарма және Талсуат елді мекендері газдандырылды. Ал бүгін Белкөл кенті тұрғындары да сондай қуанышқа бөленіп отыр. Осындай ірі жобаларға Тәуелсіздік арқасында қол жеткізіп отырмыз. Бұл орайда Елбасы қолдауы айрықша екенін барлығымыз жақсы білеміз, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, еліміз үшін айтулы мереке қарсаңында Қызылордада Жаппасбай батыр көшесіндегі көпқабатты екі үйдің тұрғындары жаңа қоныс тойын тойлады. Жалдамалы тұрғын үйдің кілттері халықтың әлеуметтік жағдайы шектеулі топ өкілдері – көпбалалы отбасылар, мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.
Аталмыш шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды Тәуелсіздік күнімен және қоныстойымен құттықтады. Сондай-ақ, жерлестеріне академик Асқар Жұмаділдаев та жылы лебізін жеткізді.
– Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялаған 360 депутатының бірі мен болатынмын. Сол уақытта Қызылордада, осы ауданда тұрдым. Әлі есімде, сол кезде бұдан да суық қыс еді, су, жарық, жылу, жол жоқ. Қазір ертеңгі күнге нық сеніммен қараймыз. Ол кезде елдігімізді, егемендігімізді сақтап қалудың өзі оңай шаруа болған жоқ. Сол жылдардан бері Қызылорда қалай көркейді, көз алдымызда өтіп жатыр. Міне, ұядай керемет үйлер салынып жатыр. Оған қуанып отырмыз, – деді академик.

«Ақмешіт-ақпарат».
21 желтоқсан 2017 ж. 1 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам