Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

   Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ҚР Ұлттық Банкінің облыстық филиалына барып, банк филиалдарының басшыларымен кездесті. Өңір басшысы қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, сала үздіктерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Ұлттық валюта — Теңге күні мен еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қазақстанда "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес жыл сайын 15 қарашада атап өтіледі.
«Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінде еліміздің өз қаржы қоры мен валюталық сақтық қорлары мүлдем болмады деп айтуға болады. Өз бетімізше қаржы-несиелік саясатын жүзеге асыруға да мүмкіндік болмаған кезең еді. Осы тұста тура 26 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өз валютамыз – төл Теңгемізді енгізу сол кезеңдегі экономикалық қиындықтарға төтеп беруге және егемендігімізді нық қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда Қазақстанның банк секторы жүргізілген жүйелі реформалардың нәтижесінде бүкіл посткеңестік кеңістіктегі алдыңғы қатарда тұр деуге болады.Сондай-ақ, ТМД елдерінің ішіндегі ең жақсы төлем жүйесінің бірін құрғанымызды да айта кеткен жөн» деді,- аймақ басшысы.    
Облыс әкімі Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған көрмемен танысып. Сала қызметкерлерімен сұқбаттасты.

15 қараша 2019 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам