Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Газбен жүретін көліктерді паркингке не үшін қоюға рұқсат берілмейді?

Газбен жүретін көліктерді паркингке не үшін қоюға рұқсат берілмейді?

  Соңғы уақытта газ баллон орнатқан көліктердің жарылуы жиілеп кеткен. Мұндай көліктер қазір тұрғын үйлердің жер асты тұрақтарына да, сауда-ойын-сауық орталықтарына да емін-еркін кіріп жүр.
Алдағы жылы газбен жүретін көліктерді паркингке қоюға рұқсат бермейтін болды, деп жазады "Айқын" газеті.

Бұл жөнінде еліміздің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта газ баллон орнатқан көліктердің жарылуы жиілеп кеткен. Мұндай көліктер қазір тұрғын үйлердің жер асты тұрақтарына да, сауда-ойын-сауық орталықтарына да емін-еркін кіріп жүр. Жүргізушілердің көбі арзан бағасына қызығып, дәстүрлі отыннан газға көше бастаған. Сапасыз баллон орнатып алғанда, қауіп туралы ойламайды дейді. Жалпы күн суытқалы бері автокөліктердің отқа орануы жиілеген. Тек өткен аптада автокөліктердің өртенуінің 68 жағдайы тіркелген екен.

"Газдан болатын қауіптің алдын алу мақсатында біз ережелердің, соның ішінде құрылыс ережелерінің талаптарына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін ойластырдық. Себебі, газ бензинге қарағанда қауіпті. Әсіресе, көлік жер асты тұрағында тұрса, қауіп ұлғая түседі. Жарылыс болған жағдайда салдары өте ауыр болады. Үлкен ғимарат қирауы мүмкін. Газ жабдығы бар автомобильдердің жер асты паркингтеріне кіруіне тыйым салу туралы ұсыныс жасап жатырмыз", – дейді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, Владимир Беккер.
18 қараша 2019 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 439 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам