Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 2 АЙ КӨЛЕМІНДЕ АДАМ КӨП ШОҒЫРЛАНҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

2 АЙ КӨЛЕМІНДЕ АДАМ КӨП ШОҒЫРЛАНҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

   Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов мәлімдеді. 
Тұрғындар көп жиналатын орындар, 15 сауда үйі, оның ішінде "Жібек жолы" ойын-сауық орталығы, "Мұз айдыны" спорт кешені, "Арай" спорт-сауықтыру кешені және базарлардағы өртке қарсы қауіпсіздіктің сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілмек. 
Сонымен қатар, облыстағы 300-ден астам жеке балабақша да тексеріледі. Оқыс оқиға орын алғанда шаралардың дайындығы пысықталады. Отқа тез жануға бейім құрылыс материалдары, жоғары қабатта орналасқан ойын-сауық алаңдарының орналасуының да заңдылығына толық тексеру жүргізіледі. Өткен жылы осы нысандарды тексеру кезінде 86 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы анықталған еді. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержановтың айтуынша, жоспардан тыс тексеру 2 ай уақытқа созылмақ. 
Сондай-ақ, қалада 20 наурыздан бастап тазалық айлығы басталды. Осыған орай, тұрғындар тарапынан өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамау қажеттігі ескертілді. 
"20 наурыздан бүгінге дейін 52 рет өрт сөндірушіге дабыл қағылған. Оның 7-і өрт болса, 45 өртке жатпайтын жану орын алған. Қураған шөптерді өртеудің соңы жалынға ұласқан. Желдің күшті болуынан тіптен қора, одан қалды 2 автокөлік өртенген. Сенбілікке шыққандар шөпті өртегенде мұқият болса дейміз", - деді О. Бержанов.
03 сәуір 2018 ж. 1 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам